Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Сырға таққан Әлішер Кәрімов өзін сынағандарға жауап берді

Соңғы кездері ел назарына жиі ілігіп жүрген Әлішер Кәрімов тағы да елді шулатты. Әнші құлағын тесіп, сырға тақты. Халықтың сынына ұшырай

  • 29 Қыркүйек 2017
  • 332
Фото - Caravan.kz

Соңғы кездері ел назарына жиі ілігіп жүрген Әлішер Кәрімов тағы да елді шулатты. Әнші құлағын тесіп, сырға тақты. Халықтың сынына ұшырайтынын білген ол өзін сынайтын жұртқа алдын ала жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Жаңа образдағы суретін Әлішер желідегі парақшасында жариялады.

«Мен баяғыдан құлақ тесуді ойлап жүргем, алайда лайықты сырға таппадым. Ақырында таныс адамдарым осы сырғаны тарту етті. Бұл әдемі әрі қымбат сырға. Мен бірден құлағымды тестіруге бел будым. Бастапқыда бір құлағымды тестірем бе, оңын ба, солын ба деп ойладым… Соңында екеуін де тесемін деп шештім. Өзіме ұнайды. Сын мен жағымсыз сөз еститінімді білемін», – деп бөлісті Әлішер отандық «Hit-ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, әнші өзін сынайтындарға берер жауабын айтты.


«Сынды қабылдай білемін. Біріншіден, ата-анамның пікіріне құлақ асамын. Олар 5 жасымнан жетектеп, сахнаға алып шыққан адамдар. Одан кейін ұстаздарымның пікірі мен үшін маңызды. Ал хейтерлерге сәлем айтамын. Маңызды істермен айналыса бастасаңыздар дегім келеді. Балаларыңыз болашақта кәсіби, білікті маман атанатындай білім беріңіздер дегім келеді. Өз-өздеріңізді дамытыңыздар, менің тілегім сол», – деді Кәрімов.

Соңғы жаңалықтар