"Сүрінген жолыңмен жүре бер көзі ашық вахавис": Мөлдір Анарбаева су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әжейді қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүрінген жолыңмен жүре бер көзі ашық вахавис": Мөлдір Анарбаева су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әжейді қолдады

"Сүрінген жолыңмен жүре бер көзі ашық вахавис": Мөлдір Анарбаева су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әжейді қолдады

Блогер Мөлдір Анарбаева су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әжейді қолдады.

  • 18 Сәуiр
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жүнін түтіп, ұршығын иіріп отырған апа кімге кедергі келтірді?
Арт жақта сөйлеп, апаны түсіріп жатқан журналистерге кедергі келтіріп тұрған жігіт: көзім ашық бахабистпін деп қояды. Ондайлары да бар ма еді?
Практикаға сенгіш екен, имамның қай практикасы бұған нәтиже берді екен?!
Ал тасаттық беріп Алладан жауын тілеген жұрттың кетпей жатып ақ сіркірегенін жауынның астында қалғанын көзбен көргенбіз. Сол саған практика!!!

Апаға айту керек екен, көп адамға үйретсін. Бұл ешкімге және ешнәрсеге зияны жоқ фольклор. Өткен шақтан қалған бейкүнә із. Сүрінген жолыңмен жүре бер көзі ашық вахавис!

Су тасыған аймақтарды көзбен көріп, құлақпен естіп отырмыз. Тәңірден тезірек қалыпқа келуін тілейміз. Аяқтың астына оратылмай, хайп іздеп, лайк сұрамай шын ниеттес болып отырғанымыз абзалырақ. Ел аяғы басылып, су тартылып, үй соғылған күн туғанда тағы бір көмегімізді береміз. Сол күнге жетейік!», — деп жазды блогер.

Соңғы жаңалықтар