Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кеден бекетіне орнатылған терминалдардың артықшылықтарын көруде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кеден бекетіне орнатылған терминалдардың артықшылықтарын көруде

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кеден бекетіне орнатылған терминалдардың артықшылықтарын көруде

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (СЭҚ)

  • 29 Қазан 2012
  • 298
Фото - Caravan.kz

«Кедендік тазарту орталығы — Ақ Жайық» кеден бекетінде орнатылған кедендік төлемдер мен салықтарды карточка арқылы төлеуге мүмкіндік беретін терминалдар мен электрондық кезекке тұру терминалының артықшылықтарын көруде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмалардың бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру болып табылады.

Елбасы Жолдауындағы осы тапсырманы орындау мақсатында «Кедендік тазарту орталығы — Ақ Жайық» кеден бекетінде СЭҚ қатысушылар үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, кедендік төлемдер мен салықтарды карточка арқылы төлеуге мүмкіндік беретін терминалдар мен электрондық кезекке тұру терминалы орнатылды.

СЭҚ қатысушылар үшін тағы бір қолайлы жағдай — бекет ғимаратының ішінде келген немесе бірер күнде келетін, не алыс, жақын шетелдерге кететін тауарларға декларация жасап беретін бірнеше кеден өкілдері жұмыс жасайды.

Осылайша, «Кедендік тазарту орталығы — Ақ Жайық» кеден бекетіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі бойынша берілген жоспарлық тапсырма 5 млрд. 452 млн. 838 мың теңге болса, ол қаңтар-қыркүйек мерзім аралығында 5 млрд. 264млн. 256 мың теңгеге орындалды. Жоспарлық тапсырманың орындалуы — 97 % пайыз.

Осы мерзім ішіндегі кеден бекетіне қабылданған тауарға арналған декларация (ТаД) саны -3 594 дана, оның ішінде алдын-ала ресімделген ТаД саны — 159 дана (5 пайыз), қаралу мерзімі 10 күнге ұзартылған ТаД саны — 518 дана (15 пайыз), 1 күн ішінде ресімделген ТаД саны — 2 917 дана (80 пайыз).

Соңғы жаңалықтар