"Сызылтып тарқан сырнайға елітіп, бұрала билейтін кобра": Депутаттыққа үміткер Зайытовқа халықтың пікірі қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сызылтып тарқан сырнайға елітіп, бұрала билейтін кобра": Депутаттыққа үміткер Зайытовқа халықтың пікірі қандай?

"Сызылтып тарқан сырнайға елітіп, бұрала билейтін кобра": Депутаттыққа үміткер Зайытовқа халықтың пікірі қандай?

Депутаттыққа үміткер Ринат Зайытовқа халықтың пікірі неге бұлай болды? 

  • 2 Ақпан 2023
  • 729
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде Ораз Әлімбеков депутаттыққа үміткер Ринат Зайытовты сынап тастады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

"Заитов Ақ орданың сырнайына қанша уақыт билейді?

Айтыс ақыны Ринат Заитов өзінің туған жерін тәрк етіп Алматы қаласынан сайлауға түспекші екен. Дәстүршіл псевдо-патриот орыстанған Алматыдан қолдау таппайды ғой. Одан да халқының басынан қарабұлт арылмаған Абай облысынан сайлауға түспеді ме?! Сонда аңғал қазақ қолдап кетуі мүмкін.

Ринаттың мынау ерсі қылығын Ақ орда жақтан сызылтып тартып жатқан сырнайға елітіп, бұрала билейтін кобраға баласа болады.


Сіз қалай ойласыз, алматылық сайлаушы?", деп жазды журналист. 

"Дұрыс айтасыз Ореке сценарий сиякты", "Мен олай ойламаймын", "Кім, қалай десе де қазақта Ринат жалғыз!", деп оқырман пікірі екіге бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар