«Болашақта біз орташа тарифтен біртіндеп бас тартып, әртүрлі тарифке толық көшетін боламыз», — деді Н. Алдабергенов.
Ол ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Алматы мен Астанада әртүрлі тарифтің енгізілгенін еске салды. «Алматыда қазір қолданылып отырған тариф 8 теңге 2 тиын болса, түнгі тариф 3,6 есе арзандатылып, 2,22 теңге болды. Астанада қазір қолданылып отырған тариф 5,42 теңге, ал түнгі тариф 3,9 есе азайтылып, 1,38 теңге көлемінде белгіленді», — деді ол.
«Қазір осындай жұмыс Шығыс Қазақстан облысында дайындалды. Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша Интернет-конференцияда тұрғындардан әртүрлі тарифті енгізу қажеттігі туралы өтініштер келіп түсті», — деді Н. Алдабергенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті