"Тағдырым Бибігүл апама ұқсаған, оған түк өкінбеймін": Ақбота Керімбекова өзінің үш рет күйеуге шыққаны туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тағдырым Бибігүл апама ұқсаған, оған түк өкінбеймін": Ақбота Керімбекова өзінің үш рет күйеуге шыққаны туралы

"Тағдырым Бибігүл апама ұқсаған, оған түк өкінбеймін": Ақбота Керімбекова өзінің үш рет күйеуге шыққаны туралы

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өзінің үш рет тұрмысқа шыққанын "Хабар" арнасындағы "Өмір өрнегі" бағдарламасында айтты.

  • 28 Сәуiр
  • 3
Фото: Instagram/khabartv

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол бағдарлама барысында тағдыры Бибігүл Төлегеноваға қатты ұқсағанын жеткізді.

«Бір кем дүние деген бар. Алла Тағала бәрін үйіп беретін болса, не боламыз? Алла Тағаланың тәубесіне, шүкірге келсін деген әр адамға өзінше сынақ береді деп ойлаймын. Біреуді баламен, біреуді күйеумен, біреуді әйелмен сынайды дегендей.

Шүкір, ол жағынан менде ешқандай өкініш жоқ. Ол жағынан менде ешқандай өкініш жоқ. Әуелі құдай, одан кейін анам айтады: «Айналайын, өнеріңді тастама. Сенің жеке өмірің ешкімге керегі жоқ» деп. Кез келген ата-ана қызының сәтті тұрмысқа шыққанын қалайды, ұлының жақсы келін алғанын қалайды.

Бірақ, енді дегенмен де, осы үш баламның жарығы шығар. Ештеңеге өкінбеймін, Бибігүл Төлегенова апамызды көріп, тағыдырым осы кісіге ұқсаған екен ғой деймін. Дәлме-дәл сол кісінің айтқаны да менің тағдырыма дәл келді. Сол кісі сияқты аңызға айналсам, менің жеке өмірім кімге керек? Сол себепті шүкір деймін», — деді ол.