Тағы бір мектеп оқушысы араша сұрап Елбасыға хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір мектеп оқушысы араша сұрап Елбасыға хат жолдады

Тағы бір мектеп оқушысы араша сұрап Елбасыға хат жолдады

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде білім алатын оқушының әділдік сұрап жазған хаы Абай.кз порталында жарияланды. Аса Қадірл

  • 16 Наурыз 2017
  • 840
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде білім алатын оқушының әділдік сұрап жазған хаы Абай.кз порталында жарияланды.

Аса Қадірлі Нұрсұлтан ата! Сіз біздің болашағымыз үшін үлкен жұмыс жасап жатырсыз. Бірақ, сізге қарсы, біздің болашағымызға қарсы адамдар менің сәби жүрегімді жаралады. Нұрсұлтан ата! Мен Алматы қаласының тұрғыны Құсаинғазина Жамила Нағызқызы болам. Менің сізге өтінішім, менің қолымдағы нанымды Маңғыстау обылысы Ақтау қаласында, 9-ықшам ауданы,4-үй, 90 пәтерде тұратын « ВиКР плюс» ЖШС-нің қожайыны Крыжанюк Владимир Иванович тартып алды. Болашағымды бұлыңғыр етті.

Анығырақ айтсам: Крыжанюк Владимир Иванович әкем кәсіпкер Құсайынғазыұлы Нағыздың 116 миллион 159 мың 176 теңгесін бермей отыр. Әкем бір неше жыл соттасып тентіреп жүріп әділдікке зорға қол жеткізді… Бірақ сол алдамшыға заң орындарының қуаты жетер емес. Ол менің нанымды жеп, бостандықта мәз болып жүр. Өз жерімізде өзіміз неге тоналуымыз керек? Кім бізге көмектесе алады?! Біздің отбасымыз тығырыққа тірелді…

Сіз, «Балалар біздің болашағымыз» дейсіз, болашағыңыздың қолындағы нанды тартып алған адамнан сіз мықты емессіз бе?! Маған көмектесіңіз! Болашағыңызға көмектесіңіз! Сол ақшаны алып беруге көмектесіңіз! Сізден басқа үмітіміз жоқ!


Құрметпен, Алматы қаласы, 55 мектеп 7 сынып оқушысы Құсаинғазина Жамила Нағызқызы

Соңғы жаңалықтар