Тағы бір писихикалық науқас қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір писихикалық науқас қашып кетті

Тағы бір писихикалық науқас қашып кетті

«10 тамызда Зеренді аудандық ІІБ Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексеруге жеткізілген писхикалық науқас – Астана қаласының 28 жастағы тұрғынының қашып кеткені туралы ақпарат түсті. Арызданушылардың айтуынша 9 тамыз күні таңғы уақыт 09:00 шамасында Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексеруге жеткізілген психикалық науқас тексерістен кейін дәрігерлер мен сантитарлардан орман ішіне қарай қашып кеткен. Қазіргі кезде оның қайда бой тасалап жүргені белгісіз», деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында

Полицейлердің мәліметі бойынша Алексеевка кентіндегі Ақмола облыстық психо-неврологиялық аурухана қызметкерлері науқастың қашып кет

  • 11 Тамыз 2016
  • 375
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің мәліметі бойынша Алексеевка кентіндегі Ақмола облыстық психо-неврологиялық аурухана қызметкерлері науқастың қашып кеткені туралы бір тәулік өткен соң ғана хабарласқан.

Полицейлерге белгілі болғандай 1987 жылы туған науқас Александр Паленис Мариновка туберкулезге қарсы ауруханасынан 2016 жылдың 9 тамыз күні Зеренді ауданы Алексеевка кентіндегі Ақмола облыстық психо-неврологиялық ауруханасына түскен.

Кейін осындағы психо-туберкулез бөлімшесіне орналастырылып, өзге науқастар сияқты ем қабылдай басстаған. Алайда, 9 тамыз күні таңғы уақыт 09:00 шамасында Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексеруге жеткізілген писхикалық науқас тексерістен кейін дәрігерлер мен сантитарлардан орман ішіне қарай қашып кетеді.

Сонымен қатар, оның тұрақты мекенжайы жоқ, осыған дейін Астана қаласында тұрып, бұрын сотты болғаны да анықталды.


Қазіргі кезде оның Астана қаласында тұратын туған туыстары анықталып, Астана, Қостанай және Петропавл бағытындағы жолдар меен көліктер тексерілуде. Іздестіру шарасында ақмола облыстық ІІД, ІІБ жеке құрамы мен қоғам және өзге де күштер тартылуда. Көрші облыстардың ІІД психикалық науқастың бет бейнесі туралы мәліметтер таратылды. Іздестіру шарасы жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар