Жарияланды: 50

"Тағы бір сандырақ": белгілі адвокат білім министрлігімен соттасқалы жатыр

"Тағы бір сандырақ": белгілі адвокат білім министрлігімен соттасқалы жатыр

Жангелді Сүлейменов білім министрлігі шара қолданбаса, сотқа беретінін мәлімдеді

Қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов оқушыларға еден жуғызуды тоқтатуды талап етті. Тыйым салынбаған жағдайда ол білім және ғылым министрлігін сотқа бермек.

Астананың №80 мектебінде оқушылар еденді өздері жуады деген ақпаратқа жұртшылық әртүрлі пікір білдірді. Біреулер еңбектің пайдасын айтып, бұл идеяны қолдаса, басқалары кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін пайдалану деп айыптады.

"Сонда балаларымыз дезинфекция ерітіндісін өздері әзірлеуі керек пе? Шын мәнісінде балаларға лас шүберектерді ұстатып, шелекке су құйып бермек. Мектеп оқушыларына еден жуғызуды тоқтату үшін шара қолданбаса, білім министрлігін сотқа беремін", - деп жазды Сүлейменов Facebook парақшасында.

"Еуразия бірінші арнасының" мәліметіне сүйенсек, мектеп кабинеттерін тазалау бастамасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдептілік департаменті көтерген.

Sputnik Қазақстан білім министрілігінен мән-жайды түсіндіруді сұрап, ресми сауал жолдады.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін