Тағы бір табиғи апат: Түркия қалаларын су шайды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір табиғи апат: Түркия қалаларын су шайды

Тағы бір табиғи апат: Түркия қалаларын су шайды

Орман өрті басылмай жатып, Түркияда су тасқыны орын алды.

  • 12 Тамыз 2021
  • 718
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Vesti.ru хабарлағандай, 11 тамызда Қара теңіз жағалауындағы Бартин, Кастамону, Синоп және Самсун провинциялары су астында қалды. Бір адам қаза тапты, жараланғандар да бар, бір адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды Associated Press.

Түркияның батысы қызыл жалынмен алысып жатқанда, солтүстігінде тоқтаусыз нөсер жаңбыр жауып, алапат су тасқыны орын алды. Тасыған су көліктерді шайып, адамдар үйің төбесіне шығып, жан сақтауға мәжбүр болды.

Кастамону провинциясының Бозқұрт қаласы су тасқынынан қатты зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, елді-мекенді 10 минут ішінде су басқан. Кей жерлерде су деңгейі үш -төрт метрге көтерілген.

Түрік ақпарат құралдары бұл аймақтағы су тасқынына бөгеттің бұзылуы себеп болуы мүмкін деп болжады, бірақ Кастамону губернаторының әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Табиғи апат басқа өңірлерде де көптеген қиын жағдай туғызды. Көпірлерді, жолдарды су тасқыны шайып, электр желілері үзілді. Жараланғандар мен жоғалғандар бар. Зардап шеккен аудандарда ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар