Тағы бір той кортежі алматылықтардың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір той кортежі алматылықтардың жағасын ұстатты

Тағы бір той кортежі алматылықтардың жағасын ұстатты

Бұл жолы да әдеттегідей жол жүру ережесін елемейтін жүргізушілер қала орталығында ойына келгенін істеп, көлік қозғалысына кедергі жасаған.

  • 12 Қараша 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

Мына таспаға өткен сенбіде түсіріліпті. Өңшең қымбат көліктер тура Орталық стадион маңында бірнеше жол ережесін бұзғаны анық көрінеді. Джиптер көшенің қарсы бетімен зуласа, кейбірі тіпті артымен жүрген. Бірақ бұл жолы да ереже бұзғандардың екеуі жүргізуші куәлігінен айырылғаны болмаса, қалғандары айыппұлмен құтылды. Естеріңізге салсақ, ұлының тойындағы осындай есерліктің кесірінен қыркүйектің соңында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Балташев қызметінен кеткен болатын. Бірақ дөкейлердің ұл-қызына бұл да сабақ болмаған екен. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

– Жас шамасы 25-35 аралығындағы жас ер адамдар. Білуімізше, барлығы Алматы қаласының тұрғындары. Ұсталған екі азамат өз кінәларын толығымен мойындап, түсінік беру кезінде бұл фактіні атап өткен.

Соңғы жаңалықтар