Таиланд армиясы елдің ішінде әскери жағдай жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиланд армиясы елдің ішінде әскери жағдай жариялады

Таиланд армиясы елдің ішінде әскери жағдай жариялады

Үкіметке қарсы акциялардың тоқтамауы салдарынан Таиланд армиясы елдің ішінде әскери жағдай жариялады, деп хабарлады сейсенбіде британдық хабар таратушы Би-би-си корпорациясы.

  • 20 Мамыр 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

Осы орайда әскерилерге "заң мен тәртіпті сақтау үшін" анағұрлым кеңірек өкілеттік берілген.

Таиландта наразылық акцияларының тоқтамай отырғандығына жарты жылдан асты, олардың ойы, қазіргі үкіметті құлату. Соңғы айларда наразылық акциялары кезінде 28 адам қаза болған. Мамыр айының басында оппозиционерлер елдің премьер-министрі Йинглак Чинаваттың отставкаға шығуына қол жеткізді.