Таиландтағы коменданттық сағат курорттарға да қолданылады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиландтағы коменданттық сағат курорттарға да қолданылады

Таиландтағы коменданттық сағат курорттарға да қолданылады

Таиландтағы сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін енгізілген  әскери коменданттық сағат курорттық аймақтарға да қолданылады,

  • 23 Мамыр 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады РИА Новости бейсенбі күні РФ елшілігінің консульдік бөлімінің меңгерушісі Андрей Дворниковке сілтеме жасап.

Таиланд құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал Прают Чан-Оча бейсенбі күні елде әскери төңкеріс болғанын хабарлады.

. «Елдің туристік орталықтарында әзірге тыныш, туристерден билік әрекетіне ешбір шағым түскен жоқ. Алайда бүгін елде коменданттық сағат енгізілді, осыған байланысты ресейліктерді ескерткіміз келеді, 22.00-ден 05.00-ге дейін коменданттық сағат Бангкокке емес, елдің барлық аумағына, демек курорттық аймақтарға да енгізілді», — деп атап өтті ресейлік консул.

Таиландтың құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал Прают Чан-Оча елдегі әскери төңкеріс жайлы жария етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

"Елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында Таиландтың қарулы күштері үкімет функцияларын өз мойнына алады", — деді ол теледидар арқылы халыққа бағыштаған сөзінде.

Қолбасшының ұлтқа арналған телеүндеуінен бірнеше минут бұрын оның бұйрығымен әскери қызметкерлер келіссөз залынан оппозициялық демонстранттардың лидері Сутхеп Тхыаксубанды алып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Таиландтағы саяси дағдарыс 2013 жылдың қараша айынан басталған. Сол кезде Бангкокта елдің премьеры Йинглак Чинават саясатына қарсы бірнеше демонстрациялар өткен. Таиландтықтар үкімет басшысы өзінің ағасының айтқанымен жүр деген ұйғарым жасап, соған наразылық білдірген. Ал оның ағасы 2006 жылғы төңкерістен кейін шетелде тұрып жатқан экс-премьер Таксин Чинават.

Айта кетейік, 19 мамырда Таиландтың қарулы күштері әскери жағдай жариялап, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алды. Әскерилердің өзі мұны «кезекті төңкеріс емес» деп түсіндірді. Олардың сөзіне қарағанда, бұл бейбітшілік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.