Тайланд түрмесінде отырған қазақстандық әйел ондағы азапты күндері туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайланд түрмесінде отырған қазақстандық әйел ондағы азапты күндері туралы айтып берді

Тайланд түрмесінде отырған қазақстандық әйел ондағы азапты күндері туралы айтып берді

Оның айтуынша, Тайландта шетелдіктер түрмеге болмашы ісі үшін түсе береді. Ол өзінің де қалай қамалып қалғанына таң. Алматылық Алинаны Тайланд дүкенінде дау шығарып, аздап төбелесіп қалғаны үшін полиция алып кеткен. Тіпті іс сотқа дейін барған.

  • 30 Қазан 2017
  • 5726
Фото - Caravan.kz

«КАРАВАН» газетінің тілшісіне сұхбат берген Алинаның айтуынша, оған қатысты сот ұсталған күннің ертеңіне болыпты.

«Бәрі жымиып тұрады екен. Аудармашы сөздерімді аударып берді. Полицейлер жазып алып отырды. Бірақ тағдырым алдын ала шешіліп қойған сияқты. Мен кінәлі екенімді мойындауға мәжбүр болдым. Өйткені тай елінің заңы бойынша, мойындасаң, жазаң жеңілдейді. Қайта төбелес сағат 16:00-ге дейін болып, жолым боп кетті. Бұл уақыттан кейін болған жайттар әлдеқайда ауыр қылмыс деп есептеліп, жаза мерзімі де көп ұзарады» дейді біздің кейіпкеріміз.

Сондай-ақ, Алина жатқан камерасындағы жағдайдың да сұмдық екенін айтып отыр.

«Заттарымды алып қойып, дымқыл исі бар жейде мен белдемше берді. Камерасы ешқандай жиһазы жоқ кеңдеу бөлме екен. Бірақ онда 60 адам түнейді. Бәрі банкіге жабылған шпрот сияқты бір-бірінің үстіне мінгесіп жатады. Солай сығылысып отырады. Қайта жылы климат жақсы болды. Дәретхананы кафельмен бөліп қойған. Есігі жоқ. Топтасып душқа түсеміз. Қадағалаушы 10-ға дейін санап болғанша шомылып бітуің керек. Сосын екінші легі келеді. Үлгермесең, өз обалың өзіңе. Жарықты жағып қойып ұйықтаймыз. Сағат төртте тұрғызады» дейді Алина.

Оның айтуынша, Тайландта ойламаған жерден болмашы жағдаймен түрмеге түсіп қалуың ғажап емес.


«Мысалы, Будданың бас мүсіншесі кәдесый ретінде барлық жерде сатылады. Оны басқа елге алып кетуге тыйым салынған екен. Сондықтан әуежайда бәлеге тап болуыңыз мүмкін. Түрмеде күйеуімен бірге келісім-шарт бойынша жұмыс істеуге барған аяғы ауыр ағылшын әйел отырған еді. Олар жалға алған пәтер орналасқан подъезде есірткі сатылыпты. Ал арнайы операция кезінде ерлі-зайыптыларды есірткі сатушылармен бірге алып кеткен. Тайланд сотына бір нәрсені дәлелдеу мүмкін емес. Тайлықпен арада туындаған кез-келген жанжалда өзің кінәлі болып шығасың. Егер сені сол елдің азаматы сан соқтырып кетіп, сосын ақшаңның қайтарылуын талап етсең, өзіңді бопсалаушы деп айыптайды» дейді аталған елдің түрмесінде үш ай отырған қазақстандық әйел.   

Соңғы жаңалықтар