Гүлнар Сағымжанов баласының Алматыға келуін қорқынышпен күтуде. Ананың естуінше, Тайпейдегі сайыста біреулер баласын сабап тастаған. Бірақ кім және қалай болған, оны әзірге ешкім ашып түсіндірмепті.
— Шындықты айтпады. Ештеңе білмейміз дейді.
Көп күттірмей, Тайваньнан да ұшақта жетті. Міне, Гүлнардың күткен баласы. Жағы сынбаса да жеткіншектің тісінен түгі қалмапты. Мұны көрген ана тіптен жылап сала берді. Сөйтсе, Рақымды тістен айырған, Ринат Қуанышбаев есімді командалас спортшы екен.
Рақым Әділханов, таэквондошы:
— Қалжыннан қалжың шығып, Тараздың баласы тісімнен ұрды.
-Қанша тісің түсті?
– 6.
— Үстіңгілері қисайды, астынғы екеуі түсті. Сөйтіп, сол жақтың дәрігері мені жарысқа қатыстырмады.
Гүлнар Сағымжанова, Р.Әділханның анасы:
— Енді міне баламның түрін көріп тұрсыздар. Мен сау бала жіберіп, мүгедек бала қылып тұр мыналар. Өйткені мен баламды Сұранов Мырзағалиге сеніп, қолхат жазып бергем. Жасөспірім, 16-ға кеше ғана толды. Сонда бапкер қайда қарап жүрді?
Ал бұл жайтты бапкерлер жай балалар арасындағы шалалықтан болды деп түсіндіруде. Бірақ сотқарды қатаң жазалаған.
Болат Райбеков, Таэквондо федерациясының бапкері:
-Жаттықтырушылардың кеңесі болды, сөйтіп оны жарысқа шығармадық. Кейін Қазақстан құрамасына да алып тастадық. Қазір барлық қағаздарды, түсініктемелерді жинап, Қазақстан таэквондо федерациясынан өткіземіз.
— Мен баламның өмірін кімге тапсырдым. Саған тапсырдым, сендім…
Десе де Таэквондо федерациясына көп ата-ананың реніші бар екен. Әсіресе, билігі өтіп тұрған «Барыс» клубына. Мәселен, осы жолғы сайысқа біраз спортшының ата-анасы өз қалтасынан ақша шығарып, баласын сайысқа жібергенін айтуда.
Кенжегүл Сәтпаева:
-Осы жолы 1300 доллардай шығардық. Ал ол мемлекеттік құрамадағы бала. Әрең дегенде 2 күннін ішінде тауып бердік. Ақша бермесең басқа баланы жібереміз деп, орына дайындап қойыпты.
Сейітғалым Досыбаев, «Райымбек» клубының бапкері:
— Қазақстанның юниорның бас бапкері «Барыстікі». Сондықтан біздің балаларды шектетіп тастайды. Неге былай десек, өзіміз шешеміз дейді. Қолынан келгенше өз балаларын тартқанды жақсы көреді.
Әлем алдында ел намысын қорғап қайтқан құрама осылайша ішкі жанжалмен елге оралды. Әйтпесе, жағымды жағалық та жоқ емес екен. Бұл жолы жас таэквондошылар қоржыны 1 күміспен және бір олимпиада лицензиясымен толығыпты.