Тал түбінен табылған бала өзін әкесі ұрмағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тал түбінен табылған бала өзін әкесі ұрмағанын айтты

Тал түбінен табылған бала өзін әкесі ұрмағанын айтты

Әлеуметтік желілерде ағаш түбінен табылған 4 жасар баланың бейнежазбасы жарияланды.

  • 16 Тамыз 2018
  • 641
Фото - Caravan.kz

Мұхаммед басына қалай зақым келгенін анасына ишарамен түсіндірген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнежазбада Мұхаммед анасының қойған сұрақтарына жауап береді. Ол өзін әкесі таспен ұрмағанын тұспалдап, көлік қаққанын көрсетеді.

Сондай-ақ, видеода Мұхаммедтің үйінде балалармен ойнап отырғанын көре аламыз.

Бұған дейін оның ауруханадан шыққанын, жағдайы жақсарып үйіне жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.


Еске сала кетсек, жантүршігерлік оқиға 16 шілде күні Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жасар бала қан жоса болған күйінше тал түбінен табылған еді.

Кейін оны ұрған өз әкесі екені анықталып, күдікті қылмысын мойындаған.

Соңғы жаңалықтар