Жарияланды: 60

Талдықорған әкімі Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты пікір білдірді

Талдықорған әкімі Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты пікір білдірді

 

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев БАҚ өкілдері мен блогерлерге атыстан жарыс пен пикникті өз қаржысына ұйымдастырғанын айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде Талдықорған әкімінің видеосы тараған еді. Онда әкім мылтықпен оқ атып жатқаны көрінеді. Кейінірек бұл видео жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлердің демалысында түсірілгені белгілі болды.

Тұрғындар журналистермен кездесу қандай қаражатқа ұйымдастырылғанына қызығушылық білдірген.

instagram.com/taldykorganec.7282

"Барлық қаражат жалақымның есебінен кетті. Жалақым оған жетеді. Бұл - өзінің қаруы бар ресми орын. Сол жерде кәуап, кола, нанмен шағын пикник ұйымдастырдық. Бәріне 385 мың кетті. 260 мыңы қаруға оқ-дәріге, 52 мыңы тәрелкеге және 70 мыңы тамаққа", - деді қала әкімі Tengrinews тілшісіне берген сұхбатында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін