Талдықорған мен Текелі тұрғындары 3-4 балдық жер сілкінісін сезді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған мен Текелі тұрғындары 3-4 балдық жер сілкінісін сезді

Талдықорған мен Текелі тұрғындары 3-4 балдық жер сілкінісін сезді

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырым қашықтықта, Текелі қаласы мен Руднечный ауылының арасында орналасқан

  • 20 Қаңтар 2020
  • 6
Фото - Caravan.kz

 Алматы уақытымен сағат он бір жарымда Текелі мен Талдықорған тұрғындары 3-4 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сейсмикалық станция 20 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 11:31-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырымда, Текелі қаласы мен Руднечный ауылының арасында орналасқан.

"МSК-64 шкаласы бойынша Текеліде 3-4 балдық, ал Талдықорған қаласында 3 балдық жерасты дүмпуі сезілді. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ", — делінген хабарламада.


Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3. Магнитудасы MPV 4.7.

Тереңдігі – 20 шақырым.

19 қаңтарда Алматыда жер сілкініп, тұрғындар 3-4 балдық жерасты дүмпулерін сезген еді.

 

Соңғы жаңалықтар