Талдықорған полицейлері скутерлерге ауысып мінді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорған полицейлері скутерлерге ауысып мінді

Талдықорған полицейлері скутерлерге ауысып мінді

Талдықорғанда учаскелік полиция инспекторларына қызметтік мототранспорт үлестірілді.

  • 12 Маусым 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талдықорғанның тірек полиция қосындарына арналған 21 скутерді облыс әкімдігі берген.

Облыстық полицияның айтуынша, скутерге мінген учаскелік инспекторлардың қоғамдық тәртіпті күзету және қала жағдайында қылмысты ашу бойынша қызметтік міндеттерін шешуде ұтқырлығы арта түспек.

Бұдан былай оқиға орнына полицейлер скутермен кептелісте тұрмай тез жетеді, тар қала көшелерімен оңай өтеді және көпқабатты үйлердің аулаларына, демалыс аймақтары мен қоғамдық орындарға қтиындықсыз барады.


Мұндай скутерлерді таяуда Алматы облысының учаскелік полицейлері де мінбек.