Талдықорғанда 20 жастағы жас жігіт балалардың әуретті жерін ұстап, ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда 20 жастағы жас жігіт балалардың әуретті жерін ұстап, ұятқа қалды

Талдықорғанда 20 жастағы жас жігіт балалардың әуретті жерін ұстап, ұятқа қалды

Талдықорғанда 20 жастағы ер адамның балалардың әуретті жерін ұстап, мазаларын алғаны белгілі болды.

  • 14 Наурыз 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы желідегі krisp.tdk парақшасында жазылды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Белгілі болғандай аталған парақшада ата-аналар ер адамды ұстап, жазалауын сұраған.

«Балаларға зияны тимейінше мына ер адамды тауып, қамауға алуларыңызды сұраймыз», — деп жазған желі қолданушысы.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктіні ұстағаны белгілі болды.

«Күдікті ретінде 20 жастағы психикалық ауытқуы бар адам ұсталды, қазіргі таңда ол қалалық полицияға жеткізілді», — деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.

Бұдан бөлек жас жігіттің ата-анасымен бірге тұратындығы, оларға баланы жалғыз, қараусыз тастап кетуге рұқсат берілмегендігі туралы анықталды.