Талдықорғанда 70 такси тегін қызмет көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда 70 такси тегін қызмет көрсетуде

Талдықорғанда 70 такси тегін қызмет көрсетуде

Талдықорғанда Қасиетті Құрбан айт мерекесінде қала халқын 70 такси тегін тасымалдап жүр. Мұнымен қатар, бұл діни мейрам ұлттық ойындармен ұласып, жетісулық жамағат ат жарыстырып, балуан күрестіріп, арқан тартысып көңіл көтереді.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz  “ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, хабарлауда. 70 такси таң сәріден сағат жетідегі айт намазға халықты тегін тасымалдады. Негізгі назар үлкен қарияларға аударылды. Көлік жүргізушілері осылайша халықтан ақшаның орнына бата сұрады.

Ертай Қабанбаев бірнеше жылдан бері Ораза және Құрбан айт мерекелерінде тегін такси қызметін ұсынып келеді. Көлігін тізгіндеп, көшеде қол көтерген ағайынның бәріне тоқтайды. Жүргізушілердің бұл бастамасына қоғамдық көлік иелері де қосылды.


Соңғы жаңалықтар