Талдықорғанда арық құбырына кептеліп қалған бала құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда арық құбырына кептеліп қалған бала құтқарылды

Талдықорғанда арық құбырына кептеліп қалған бала құтқарылды

Алматы облысының жедел кезекші бөліміне Талдықорғандағы шағынаудандардың бірінде бетон құбырға кішкентай баланың кептеліп қалғаны туралы ақпарат келіп түседі. 

  • 24 Мамыр 2015
  • 693
Фото - Caravan.kz

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, арық құбырының ішіне балақай ойнап жүрген добы түсіп кеткен соң кіріп кеткен.

Ол 2,5 метр жерге дейін құбыр ішімен еңбектеп жүрген, енді шығуға бет алғанында аяғы қыстырылып қалған.
Жедел құтқару жасағы қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен баланы аман-есен алып шығып, жедел жәрдем қызметіне табыстады.