Жарияланды: 40

Талдықорғанда екі күнде менингококк жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті

Талдықорғанда екі күнде менингококк жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға түсті

Талдықорғанда екі күнде менингококк жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 9 жастағы бала бар.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдымановқа сілтеме жасап хабарлайды. 

17 маусымда 18 және 28 жастағы ер адамдар, ал 18 маусымда 9 жастағы бала ауруханаға түскен.

"Олардың бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ олардың барлығы ораза ұстаған. Үшеуі де жұма күні мешітте намазда болған, 9 жастағы бала да. Бала облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол да ораза ұстаған. Үшеуі де менингококк инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін", - деп хабарлады Ерғали Сыдыманов.

Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта барлығы ем алып жатыр.

"Зертхана қорытындыларын әлі алған жоқпыз. Бұл алдын ала қойылған диагноз", - деді Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.

Ұқсас тақырыптар:

Алматыда қазір 8 науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр

Менингиттен көз жұмған бала мен қызға инфекцияны сау адам жұқтырған

Ұлы мен келінінен айырылған отбасында тағы бір адам менигококкпен ауруханаға түсті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін