Талдықорғанда мұғалімді аяусыз сабап, өліміне себепкер болған төрт адам сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда мұғалімді аяусыз сабап, өліміне себепкер болған төрт адам сотталды

Талдықорғанда мұғалімді аяусыз сабап, өліміне себепкер болған төрт адам сотталды

Талдықорғанда мұғалімді аяусыз сабап, өліміне себепкер болған төрт адам сотталды.

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 220
Фото - Caravan.kz

Сот үкімімен оларға 2,5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды. Ал жәбірленуші тарап бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған қылмыскерлер тым жеңіл жазаланғанына наразы деп мәлімдейді Sn.kz  31арнаға сілтеме жасап. 

Бақытжан Батыршаевты жабылып ұрды деген төрт азамат осы. Айыпталушы орындығында отырғандар қылмысты қасақана жасамағандарын және өкінетіндерін білдірді. Күдіктілердің соңғы сөзі әсер етті ме, әйтеуір адам өлімі болған істе сотталушыларға қатаң үкім шығарылмады. Бір қылмыскер 8 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған үшеуі 2,5 жылдан 4 жылға сотталды. Тіпті оның ішіндегі біреуі жазасын 4 жыл бойы бостандықта жүріп өтейді.

«Құрметті сот төрағасы, Құрметті прокурор мырза, Құрметті сотқа қатысушылар маған тағылған айыпты мен толығымен мойындаймын. Және біз қасақана ондай іске барған жоқпыз. Бұзақылық ниетімізді мойындаймын.Және жәбірленушінің әкесінен, әйелінен өтініп кешірім сұраймын», – дейді сотталушы Ерлан Мыңбаев.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Бақытжан Батыршаевты төрт азамат қуалап, соғып жүрген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын. Қатты соққыдан шалқасынан түскен жәбірленушіні қылмыскерлер жолдың шетіне шығарып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал, ауыр соққыдан ауруханада көз жұмған Бақытжанның әкесі бейнебақылауға түскен сәтке дейін де ұлын өлімше етіп сабаған деп отыр.

«Оны тергеген жоқ. Біздің тергеуші прокурорлар суретке түсірген жоқ. Тек  камераға түсіп, қалған жерін ғана көрсетіп тұр. Оның арғы жағында не болған. Өйткені арқа жота, мына сан бәрі көкпенбек. Барлығын тіліп-тіліп кеткен. Бәріне жеңіл срок беріп жатыр, оны бұзақылыққа ауыстырып жіберген, өлімді. Өлімді қалай бұзақылыққа ауыстырады?!», – дейді Бақытжан Батыршаевтың әкесі Нұрмұханбет Батыршаев.


Үшеуіне «бұзақылық», ал біреуіне «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалып, жеңіл жазамен құтылды деген жәбірленуші тарап енді апелляциялық шағым түсірмек. Ал, істің осыншама насырға шабуына Бақытжан Батыршаев досын төбелес кезінде арашаламағаны себеп болған көрінеді. Мектепте дене тәрбиесінің мұғалімі болған  Бақытжанның артында кішкентай екі қызы және жары қалды.​​​​​

Соңғы жаңалықтар