Талдықорғанда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді

Талдықорғанда олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді

Талдықорғанда Афины қаласында өткен ХХҮІІІ олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне қошемет көрсетілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2004
  • 419
Фото - Caravan.kz

Қаланың орталық алаңында жиналғандар алдында облыс әкімі Шалбай Құлмаханов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде : «Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарында қоржынға салған сегіз медальдің үшеуін Жетісу өңірінің өкілдері жеңіп алды»,- деді.

Олимпиадаға қатысушылардың ерен еңбегі мен отандық спортты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атаған Ш.Құлмаханов грек-рим күресі бойынша күміс жүлде иегері Георгий Цурцумия, ауыр атлетикадан күміс медаль иегері Сергей Филимонов пен грек-рим күресінен қола жүлдені жеңіп алған Мкхитар Манукяндарға екі және үш бөлмелі пәтерлер мен су жаңа Hyundai және Daewoo автокөліктерінің кілттерін табыс етті.
Жауап сөз сөйлеген спортшылар осыдан төрт жылдан кейін Пекинде өтетін Олимпиада ойындарында бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар