ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 6 мамырда 20 сағат 11 минутта Талдықорған қаласында (Алматы облысы) «Қарағаш-Керуен» сауда үйінде өрт болды. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша өрт жалынына материалдық құндылықтар, заттар, құрал жабдықтар, сауда үйінің құрылысы оранды. Зардап шеккендер мен өлім-жітім болған жоқ.
«Қолға алынған шаралар арқылы төрт қабатты тұрғын үй, екі қабатты офистер мен дүкендер, трансформаторлық қосалқы станциялар, «Жаңа Қарағаш» сауда үйлері қорғауға алынды. 70 адам сыртқы шығарылды», -деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖ ауыздықтау жұмыстарына 25 арнайы техника ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің 14 бірлік техникасы, 600 адам жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті