Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар өтеді
11-12-тамызда Алматы облысының орталығы Талдықорғанда шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинар өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Семинарды ұйымдастыруға Алматы облысының әкімшілігі мен "Аризона-Қазақстан әріптестігі" атты қор мұрындық болып отыр. |
Семинар аясында АҚШ пен Қазақстандық сарапшылар екі елдегі шағын қалалар ахуалына экономикалық баға беруге, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару басқару құрылымына қарай, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың потенциалын пайдалану көрсеткіштеріне негіздей отырып салыстырмалы талдау жасап, болашақ даму мүмкіндіктерін анықтайды.
Сондай-ақ, сарапшылар еліміздегі шағын қалалардың экономикалық потенциалы, еңбек ресурстары және жастар әлеуетін пайдалану мүмкіндіктеріне сүйеніп шағын қалаларды дамытудың Қазақстанға тән концепциясын жасап семинарға қатысушыларға ұсынбақшы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін