Талдықорғанда үй ішіне орнатылған жасанды шыршадан өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда үй ішіне орнатылған жасанды шыршадан өрт шықты

Талдықорғанда үй ішіне орнатылған жасанды шыршадан өрт шықты

2021 жылы 26 желтоқсанында сағат 10:36-да Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласының Болашақ ықшам ауданынан өрт туралы хабарлама келіп түсті.

  • 26 Желтоқсан 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатында орын алды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен алты техникасы, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер жіберілді.

0,5 шаршы метр алаң өртке оранып, жасанды шырша мен диван жанғаны анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көрші Әлішер Еріков пәтерден екі баланы алып шығып, өртті сөндірген.Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өрт

Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, өрттің шығуына ішкі электр желісіне қосылған электр гирляндасындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

Соңғы жаңалықтар