Әкімдік есебі бойынша, 810 миллионнан астам теңгенің 30 млн-ы бөгетті жөндеуге, 53 млн-ны суды сүзгілеу жүйесіне, 164 млн-ы каналды жөндеу жұмыстарына қажет екен. Сондай-ақ құбырларды қалыпқа келтіру үшін 82 млн. теңге керек. Ал қалған қаржы жалпы жағдайды қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалмақ екен. Сел болған аймақта қазір бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Естеріңізге салсақ, биыл 17 шілдеде Маралсай шатқалында сел жүріп, Талғар өзені арнасынан асқан еді. Абырой болғанда бөгеттің биіктігі апаттың ауқымын күшейтпеген. Ресми мәлімет бойынша, апатқа күннің ыстығына шыдас бермеген тау басындағы қардың еруі себеп делінуде.