Жарияланды: 420

Талғат Ермегияевтың інісі мініп жүрген қымбат көлік тәркіленді

Талғат Ермегияевтың бюджеттен жымқырған ақшасы туыстарынан да өндіріліп жатыр. Бүгін Астана соты жұмыссыз бола тұра 25 миллион теңгенің Porsche Panamera-сын мінген Ермегияевтың бауырының көлігін тәркіледі.

Мына шетелдік көлікті Талғаттың туған бауыры Азат Ермегияев мініп жүрген. 22 жастағы жұмыссыз жігіт енді Porsche-ден айырылғысы келмей, машинаны «өзім сатып алдым» деп сотқа шағым түсіріпті. Бірақ, судья мұнымен келіспей, шешімді күшінде қалдырды. Себебі, үйқамақта отырған «Экспоның» экс-басшысы Porsche-ні бюджеттен ұрлаған ақшасына сатып алып, бауырының атына рәсімдеуі мүмкін деген күдік бар. Ермегияевтың сыбайластарымен бірігіп халықаралық көрме құрылысына бөлінген 4 миллиард 200 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып жатқанын айта кетейік. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін