Талғат Жәнібеков «Феникс» фильміне бөлінген қаржыны қайтара бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Жәнібеков «Феникс» фильміне бөлінген қаржыны қайтара бастады

Талғат Жәнібеков «Феникс» фильміне бөлінген қаржыны қайтара бастады

«Қазақфильм» киностудиясының атқарушы директоры Лидия Климованың мәлімдемесі бойынша, «Феникс» фильмінің түсіріл

  • 11 Мамыр 2017
  • 353
Фото - Caravan.kz

«Қазақфильм» киностудиясының атқарушы директоры Лидия Климованың мәлімдемесі бойынша, «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталғандардың бірі – режиссер Талғат Жәнібеков ақшаны қайтара бастады, деп хабарлайды Baq.kz киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Феникс» фильмінің режиссері Талғат Жәнібековтың жары күйеуінің келтірген зиянын қайтару мақсатында алғашқы транш — 200 мың теңгені аударды. Т.Жәнібековтың өзі тұтқында екені белгілі. Ол 2014 жылдың 5 маусымы мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында «Феникс» фильмінің түсіріліміне бюджеттен бөлінген 1 миллион 655 мың 276 теңге қаражатты жымқырып, жеке мұқтажына жұмсады деп айып тағылған болатын.

Осы орайда айта кететін жайт, іске қатысты басқа да айыпталушылар алған қаражатты қайтарып жатыр. Өткен жылдың 16 қарашасында картинаның продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов 6 миллион теңге қайтарған болатын. Ал 3 сәуірде фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдинаның атынан 2 079 555 теңге, 4 сәуірде дайындық кезеңде түсіру тобын басқарған Марлен Әбішев үшін 500 мың теңге, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев атынан 280 мың теңге қайтарылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда «Қазақфильм» АҚ «Феникс» фильмінің дайындық алды және дайындық кезеңдеріне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға (Тұңғышбай Жаманқұлов құрылтайшысы) 79 миллион теңге бөлсе, оның 69 миллион теңгесі жымқырылған болып шықты.


2017 жылдың 9 наурызында осы іске қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссері Талғат Жәнібеков, атқарушы продюсері Наталья Юдина, «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бұрыңғы атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, фильмнің дайындық кезеңінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев пен ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров. Оларға фильмді түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар