"Талибан" Ауғанстанның негізгі серіктесін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Талибан" Ауғанстанның негізгі серіктесін атады

"Талибан" Ауғанстанның негізгі серіктесін атады

 

  • 3 Қыркүйек 2021
  • 143
Фото - Caravan.kz

Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысы (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Қытайды негізгі халықаралық серіктесі ретінде қарастырады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы қозғалыс өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді.

"Қытай негізгі серіктесіміз болады және бізге үлкен мүмкіндіктер береді, өйткені ол елге инвестиция салуға және қайта құру жұмыстарын қолдауға дайын", — деді ол.

Муджахид тәліптер Қытайдың "Бір белдеу — бір жол" бастамасын жоғары бағалайтынын айтты, себебі бұл жоба "ежелгі Жібек жолын жандандырады". Сонымен қатар, ол Қытай Ауғанстандағы тау-кен өнеркәсібін қалпына келтіруге көмектесетінін қоса айтты.

Тәліптер Ресейді аймақтағы маңызды серіктес деп санайды және Мәскеумен жақсы қарым-қатынаста болады, деді Муджахид.

Муджахид Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай туралы айта отырып, нысан толықтай "Талибан" қозғалысының бақылауында екенін, бірақ оған айтарлықтай зақым келгенін айтты.


"Әуежай алдағы үш күн ішінде тазартылып, қысқа мерзімде қайта салынуы тиіс. Ол қыркүйекте қайтадан жұмысын бастайды деп сенемін", — деді ол.

Айта кетейік, 17 тамызда "Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

Ауғанстаннан құрлықтағы барлық шекара өткелдері қазіргі уақытта тәліптер бақылауында. Шетелдік қызметкерлер мен шетелдік миссияларда жұмыс істейтін ауғандарды эвакуациялау Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар