Талибан Қазақстанның атына сес көрсеткен емес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талибан Қазақстанның атына сес көрсеткен емес

Талибан Қазақстанның атына сес көрсеткен емес

Ауғанстан Ислам Әмірлігі (АИӘ) (Талибан) Қазақстанның атына ешқандай сес көрсеткен емес, деп телефон арқылы ҚазТАГ-қа өз беттерінше жарияланған мемлекеттің ресми өкілі доктор Тарик мәлім етті.

  • 5 Маусым 2011
  • 623
Фото - Caravan.kz

«Ол ескереу болған жоқ, ол — Ауғастан Ислам Әмірлігінің Қазақстан парламентінің Ауғанстанға әскер жібереміз деген шешіміне білдірген көзқарасы. Ол бірнәрсе болады деген ескерту емес, жәй әшейін аталған шешімге деген әрекет болды», — деп ол, жақындағы ҚР парламентінің шешіміне байланысты АИӘ таратқан мәлімдемесінің мағынасын нақтылаңызшы, дегенге сауалға осылай жауап берді».

Ол «Ислам Әмірлігі Қазақстанға соғыс жарияламағанын» нақтылап өтті.

«Сіз көріп отырғандай, біз көршілерімізбен жақсы қарым – қатынаста болғымыз келеді. Біз көрші мемлекеттердің ешқайсысына қауіп төндірмейміз. Біздің адамдарымыз Қазақстанға шабуыл жасайды деген пікір толығымен дұрыс емес», — деді ол.

«Біздің көзқарасымызша, Қазақстанның бұл соғысқа араласуының реті жоқ, себебі Қазақстан мұсылман мемлекеті, және Ауғанстан халқы да — мұсылмандар. Ал парламент шешімі Қазақстанның Ауғанстанға кімдерді жіберетінін нақтыламайды. Олар әскерлерін жіберетіндігін жариялап, ал олардың дәрігерлер мен инженерлер екендігін нақтыламады. Дәл сол үшін Ислам Әмірлігі осындай әркет танытты. Бірақ ол ешқандай да қоқан-лоқы емес», — деді доктор Тарик.

АИӘ — өздері жариялаған және Ауғанстанда жартылай мойындалған мемлекет. Ондай атты «Талибандар» 1996-2001-ші жылдары жүргізген билігі кезінде берген болатын.

Бұрын хабарланғандай, жақында Қазақстан парламенті Ауғанстанға НАТО басшылығындағы халықаралық коалиция құрамына төрт әскери маманды жіберуге рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар