Жарияланды: 30

Тәлібтер* Қазақстанмен бірлескен сауда палатасын құруға ниетті

Тәлібтер* Қазақстанмен бірлескен сауда палатасын құруға ниетті

Талибанның сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен жүргізілген келіссөздер туралы айты, деп хабарлайды Ауғанстанның Tolo News телеарнасы.

"Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Азизи Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен өткен баспасөз мәслихатында екі елдің сауда байланысы жақсы екенін және Кабул оны кеңейтуді қалайтынын айтты. Азизи екі ел арасында бірлескен сауда палатасын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Ол Кабулда қазақстандық банктер филиалдарын ашу және сауда байланысын дамыту үшін Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы "әуе дәлізін" қалпына келтіріліп жатқанын айтты", - делінген хабарламада.

Ақпарат екі ел делегацияларының кездесуік кезінде түсірілген суреттермен толықтырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін