Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

  • 14 Ақпан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген.

Білімі:

1987 ж. — Тәшкент халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономка ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1988-1992 жж. — Өзбекстан ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист.

1992-1993 жж. — Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист.

1993-1994 жж. — «Перизат-холдинг» компания бөлімінің жетекшісі.

1994-1997 жж. – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары.  

1997-1999 жж. – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.  

2006-2008 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 ж. —  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.    

2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2017-2018 жж. —  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.    

2018-2019 жж. — «Nur Otan» париясының хатшысы.

2019 жылдың 15 шілдесінен бастап —  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі.

2020 жылдың  5 мамырынан бастап  — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды.

2023 жылғы 8 маусымда ҚР Премьер-министрінің орынбасары —  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  болып тағайындалды.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.