Қазгидромет синоптиктері 30 шілде-1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — деп хабарлады синоптиктер.
Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.
«1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады», — деп болжанып отыр.