"Таң қалдым". Әнші Ералхан Әбішев қыш зауытында жұмыс істеп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Таң қалдым". Әнші Ералхан Әбішев  қыш зауытында жұмыс істеп жүр

"Таң қалдым". Әнші Ералхан Әбішев қыш зауытында жұмыс істеп жүр

Бір кездері белгілі болған, кейін сахнадан көрінбей кетен әнші Ералхан Әбішевтің қайда жүргені мәлім болды 

  • 28 Маусым 2022
  • 171
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қалдыбек Құрманәл nstagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Аққуым менің, қайдасың ?…

Осы әнді естімеген жан кемде-кем шығар-ау?…

Мен-аққуды емес, осы әнді орындап, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ералхан дос-ағам (Әбішевті) іздеп, Бадам ауылының маңында орналасқан "Бөкей-1"қыш зауытына бардым.

Көріспегенімізге де, көп уақыт өтіпті. Сағынысып, алып-ұшып қауыштық…

Ол- кірпіш зауытында концерт бергелі жүрген жоқ.

Ол- осы зауыттың білдей бас директоры.

Мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырғанда, кәнігі құрылысшыдай түсіндіріп, аузымыздың суын ағызды,-десек те болады.

Мен- Ералхан досымның Алматы қаласындағы Студенттер сарайының директоры болғанын білемін.
Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі директорының орынбасары болғанын да білемін.
Бірақ, қыш зауытының директоры болғанына таң қалдым…

Әбіш атамыздың ұрпақтары- бақ қонып, қыдыр дарыған әулет.

Әлмахан көкемнің шаңырағынан өсіп-өнген ұл-қыздары, бұл күнде елімізге танымал аяулы жандарға айналды…

Ал, Ералхан досымның жөні, мен үшін ерекше бөлек.

Қыш зауытынан кетіп бара жатып, талант қайда да, талант екен-ау, — деген ой мазалай берді…

Аман бол, менің ақкөңіл досым- ЕРАЛХАН!", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар