Таңертең ешқандай дабыл қосылған жоқ - Алматы ТЖД - kaz.caravan.kz
  • $ 518.97
  • 607.3
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таңертең ешқандай дабыл қосылған жоқ - Алматы ТЖД

Таңертең ешқандай дабыл қосылған жоқ - Алматы ТЖД

Алматы ТЖД таңертең дабыл қағылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қараша 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz


«Қалалық ТЖД мен «Алматытелеком» ҚТО қызметкерлері жақын арада орналасқан дабыл нүктесі  Розыбакиев көшесі, 33 а мекенжайындағы №67 мектептен дабыл қосылмағанын анықтады», — деді баспасөз қызметі.

Айта кету керек, көпшіліктің хабарлауынша, бүгін таңғы 5 шамасында Алматы тұрғындарын төтенше жағдай дабылы оятты. Дабыл бір сағаттай уақыт бойы қосылып тұрған. Дабылды Алмалы ауданының тұрғындары анық естіген.