Жарияланды: 3700

"Таңғы 5-ке дейін ұрып-соққан" Таяққа жығылған әйел енді өлімін ғана күтіп жүр деді белсенділер

"Таңғы 5-ке дейін ұрып-соққан" Таяққа жығылған әйел енді өлімін ғана күтіп жүр деді белсенділер

"Не Молчи" қорының жетекшісі Дина Тансари соққыға жығылған әйел туралы тағы бір оқиғаны жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Бұл әйелдің күйеуі бізді әлеуметтік желілерде бақылап жүр, ол өзінің қылмыс жасап жүргенін біледі, сондықтан келіншегінің ұялы телефонын тартып алады әрі жақын туыстарының байланыс нөмірлерін өшіріп тастайды. Сол себепті әйелі ешқайдан көмек сұрай алмайды.

Мұның бәрін НеМолчиKZ қорына жүгінбес үшін жасайды.Ол адам туралы барлық мәліметтер, суреттері бізде бар. Ал жәбір көрген әйелдің біздің қорғауымызда екенін ескертеміз!

Кеше ол әйелді таңғы 5-ке дейін ұрып-соққан. Ал таяққа жыққан кезде дыбыс шығармауды талап етеді. Бізге ұрып-соғу туралы көршілер хабарлады, қазір әйел агрессормен тағы да бет пе бет жалғыз қалды.Бұл еркек енді тоқтамайды, ол үш баласының анасы екеніне, өздерінің екі жылдан бері ажырасқанына мән бермейді, оған тыныштық бермейді.Ол қоғам үшін қауіпті адам, ал полиция кісі өлтіруді күтуде.Алайда, бұл қалада кең таралған құбылыс, біз агрессияшылдарды бақыламайтын, олардың әйелдерін ұрып-соғуға, өртеуге және майып етуге мүмкіндік беретін полицияның әрекетсіздігін бірінші рет көріп отырған жоқпыз",- деп жазды қоғам белсендісі. 

Дина Тансаридің айтуынша, біздегі заң бойынша  үйінде жанжал шығарған адамдарды заң бойынша үш сағатқа ғана алып кетеді де, содан кейін қайтарып жібереді екен. Бұл әйел де осы заңнамалық қателікті басынан бірнеше рет өткерген көрінеді, сондықтан ол енді полицияның көмегіне үміт артпайды, тек өз өлімін күтеді дейді белсенді.

"Біз оқиғаның қай қалада болғанын жазудан қорқамыз, бірақ Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінен жедел түрде бізге хабарласып, осы әйелге көмектесуін сұраймыз, әйтпесе ол мерт болады!», - деп жазды Дина Тансари.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін