«Тәніне қол жүгірткені үшін кек алмақ болған» Түркістанда бойжеткен қарақшылармен бірге өз әкесін тонап, ұрып соққан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тәніне қол жүгірткені үшін кек алмақ болған» Түркістанда бойжеткен қарақшылармен бірге өз әкесін тонап, ұрып соққан

«Тәніне қол жүгірткені үшін кек алмақ болған» Түркістанда бойжеткен қарақшылармен бірге өз әкесін тонап, ұрып соққан

Қылмысқа барғандардың айтуынша, «әкесі қызын қатты жақсы көргендіктен зорламақ болған».

  • 21 Қаңтар 2021
  • 620
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысында екі жігіт пен бір бойжетен қыз қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталының тілшісі.

Төлеби аудандық соты 32 және 25 жастағы екі жігітке, сондай-ақ алдын ала сөз байласу арқылы қарақшылық жасады деп айыпталған жас қызға қатысты қылмыстық істі қарады.

Өткен жылдың 1 сәуір күні түнде олар Көксаек кенті тұрғынының үйіне басып кіріп, үй иесін ұрып-соғып, оның 250 мың теңгесін тартып алған. Ал қарақшылардың құрбаны қастарындағы сыбайлас қыздың туған әкесі болып шықты.

Тергеу анықтағандай, екі жігіт үй иесін ұрып-соғып жатқан кезде, қыз әкесінің үйін тінткен. Сот отырысында олардың ешқайсысы кінәсін мойындамады. Екі жігіт те тонау туралы ойлары болмағанын айтуда. Тек қыздың әкесіне сабақ болсын деп қорқытпақ болған көрінеді. Қыз оларға әкесінің зорламақ болғанын айтып, шағымданған екен. Сол үшін жігіттер қызын тым «қатты жақсы көретін» әкесін жазаламақ болған.


Жігіттер қыздың әкесін соққыға жығып жатқан кезде бойжеткеннің үй ішін ақтарып, ақшасын ұрлап жатқанын мүлдем білмейтіндіктерін мәлімдеді.

Күдікті қыз да әкесін мүлдем тонамадым, тек отбасылық қазынадан ақша алдым деп ақталып отыр.

Сот айыпталушлардың түсініктемелерін жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп танып, үшеуін де ҚР ҚК-нің 191 бабының 2, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты . Олардың әрқайсысына 5 жылдан қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу туралы үкім шығарылды.

Алайда, Түркістан облысының апелляциялық соты үкімді шартты жазаға өзгертті.

Соңғы жаңалықтар