Танылып үлгермеген Әуелбекованың тобы тарап кеткен бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танылып үлгермеген Әуелбекованың тобы тарап кеткен бе?

Танылып үлгермеген Әуелбекованың тобы тарап кеткен бе?

Жуырда ғана продюсер атанған әнші Мөлдір Әуелбекова төрт қыздан тұратын “NAZAR”атты тобымен халықты ресми таныстырған болатын. Танылып үлгермеген топ тарап үлгерген бе? Әлде Әуелбекова екінші топтың тұсауын кеспек пе?

  • 22 Ақпан 2018
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бұл сұрақтар продюсердің желіде жариялаған шұғыл кастингінен кейін туындаған болатын деп хабарлайды Caravan.kz Жұлдыздар Әлемі-не сілтеме жасап. 

Ондағы басты талап: 18-21 жас аралағындағы тамаша дауыс иесі болу. «Назар» тобы квартеттен квинтетке айналмақ па, әлде топ тарап кетті ме қазірге белгісіз. Дегенмен, жақын арада продюсердің өзі мән-жайды түсіндірер деген ойдамыз.

Осыдан біраз уақыт бұрын Әуелбекованың бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызымен болған жанжал соңында Баян былай деген болатын:

«Мөлдірдің продюсерлікке бет бұрғанына қуаныштымын. Оған сәттілік тілеймін. Ол топты басқарудың қаншалықты қиын екенін енді түсінетін болады. Оған беретін кеңесім, топтағы әр қыздың пікірін сұрамау. Егер олай жасаса, арты құлдырауға алып келеді».


«Назар» тобы квартеттен квинтетке айналмақ па, әлде топ тарап кетті ме қазірге белгісіз. Дегенмен, жақын арада продюсердің өзі мән-жайды түсіндірер деген ойдамыз.

Соңғы жаңалықтар