Жарияланды: 270

Танымал актер Рахман Омар екінші некедегі әйелінен ұлды болды

Танымал актер Рахман Омар екінші некедегі әйелінен ұлды болды

Танымал актер әрі тележүргізуші Рахман Омар ұлды болды.

Өнер иесінің жары Ақмарал Дайрабаева босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сүйінші хабарды елге Айман Нұразхан жеткізген.

“Сүйінші, сүйінші, сүйінші! Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн, Ахмашымыз аман-есен Рахман ағама ұл сыйлаған күн! Бауы берік болып, бір Аллам жар болсын. Құтты болсын”, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, актриса Ақмарал Дайрабаева – Рахман Омардың екінші әйелі. Қос өнер иесінің Ғажайып және Абдрахман есімді балалары бар. Бұған дейін, Рахман Омар шын мәнінде екі әйелдікке қарсы екенін, ал алғашқы жарымен заңды түрде ажырасқанын айтқан еді. Сондай-ақ, актер алғашқы некесінен туған балаларына қамқор екенін де атап өткен.

Оқи отырыңыз:

Қазақтарды маймылға теңеген орыс жігітін қазақ жігіттері іздеп жатыр

Нұржан Керменбаев енді КешYou-дің бұрынғы әншісімен бірге

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін