Танымал америкалық әнші өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал америкалық әнші өз-өзіне қол жұмсады

Танымал америкалық әнші өз-өзіне қол жұмсады

Лос-Анджелестегі үйінен G.R.L. тобының әншісі, The X Factor шоуының финалшысы 25 жастағы әнші Симон Баттлдың өлі денесі табылды.

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы News.ru. хабарлады.

TMZ порталының деректеріне сүйенсек, әнші өз-өзіне қол салған. Әзірге бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.

G.R.L. тобы 2013 жылы құрылған. Қыздардан құрылған музыкалық ұжымның алғашы жұмысы "Vacation" әні болды. Ол "Смурфики-2" анимациялық фильмінің саундтрегіне енген. 2014 жылы жазда G.R.L. өзінің "Ugly Heart" лид-синглы мен "G.R.L." шағын альбомын шығарды, күзге топтың ауқымды промо-кампаниясы жоспарланған болатын.

CNN телеарнасы Симон Баттл G.R.L. тобындағы жұмысынан басқа Оңтүстік Калифорния университетінде музыкадан білім алып, шіркеу хорына қатысқанын атап өтті.

Симонның өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.