Жарияланды: 180

Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті

Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті

Белгілі термеші, қазақ мәдениетіне ерекше үнімен өлшеусіз үлес қосқан жыршы Аяз Бетбаев өмірден өтті,

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Бұл туралы танымал журналист Амангелді Сейітханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақ өнерінің қаранарындай болған жыршы-термеші 76 жасында өмірден өтті.

Ол Шу өңірінде қазақтың ұлттық өнеріне, жыр, термелеріне сусындап өсіп, Жамбыл, Сүйінбай, Кенендердің өнерін жалғастырып, маңдайына ақындық тағдыр жазылып, таңдайына тәтті үн ұялаған, даланың жырын, дананың үнін көкейіне қондырып, болмысына сөз сиқыры дарыған тума талант еді.

Ол – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалінің иегері, ақын-сазгер, жыршы-термеші. Аяз Бекетайұлы Бетбаев еліміздің мәдениет саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Аяз Бетбаев жырлаған "Ақбөпе", "Сағыныш", "Ғашықтар", т.б. жыр-термелері халық жүрегінен ерекше орын алған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін