Танымал әншілердің біразы қатысқан тойдағы видеоға қатысты тексеру жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал әншілердің біразы қатысқан тойдағы видеоға қатысты тексеру жүргізілуде

Танымал әншілердің біразы қатысқан тойдағы видеоға қатысты тексеру жүргізілуде

Танымал әншілердің біразы қатысқан тойдағы видеоға қатысты тексеру жүргізілуде.

  • 7 Сәуiр 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов «Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы туралы» онлайн-брифингте айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев және «КешYOU» тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденованың қатысуымен өткен тойдағы видео таралуда.

Мониторингтік топтар ресторандарды тексеруде. Ал отандық әншілердің видеосына байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Егер тойдың карантин уақытында өткені анықталса, ұйымдастырушылар және барлық тойға қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — деді Сәдуақас Байғабылов.

Оқырмандар видеодағы Сәкен Майғазиевтің тілегіне қарағанда, той шектеу шаралары күшейген кезде болған деп жарыса пікір жазуда.

Сондай-ақ Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары алдағы ораза кезінде мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысына тоқталды.


Ораза кезінде алгоритмді, снитарлық нормаларды қатаң сақтаған шағын және орта бизнес субьекттері ғана жұмыс істейді. Мониторингтік топтар талапты сақтамаған жерлерді басқалардан қатаң тексереді. Бізде бас қосқан адамдар саны мен жиынның болған уақыты туралы ақпараттар бар. Ауызашар уақытында ережені бұзған орындарға көп көңіл бөлуді қарастырудамыз. Бір рет емес, бірнеше рет санитарлық норманы сақтамаған орындар бар және ол себепсіз қайталануда. Адал кәсіпкерлерді шектеу жұмыстарына мән бермейтін екінші топтан бөліп қараған жөн. 5 және 6 сәуірде 385 объект тексерілді. Ереже бұзған 41 орын анықталды. Басым көпшілігі үлкен сауда үйлері емес, үй жанында орналасқан бизнес ошақтары, — деп айтты Сәдуақас Байғабылов.

Соңғы жаңалықтар