Жарияланды: 260

Танымал блогер: Бір көзінен айырылған Риммаға ақша жинау үшін көшеге шықтық, адамдар ауыздарына келгенді айтып кетті

Танымал блогер: Бір көзінен айырылған Риммаға ақша жинау үшін көшеге шықтық, адамдар ауыздарына келгенді айтып кетті

От-шашудың кесірінен 11 жасында бір көзінен айырылған Римма Асқарова бүгінде күрделі отаға ақша жинап жүр.

Бойжеткенге Израильде жасалатын ота үшін 16 миллион теңге қажет. Жылдар бойы басқа түскен тағдырына көніп келген Римма қазір қазақстандықтардан көмек күтуде, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ал көз жанарынан айырылған қызға көмектесу үшін жан-жақтан жиналған еріктілер қолдарынан келгенше түрлі акциялар ұйымдастыруда. Мәселен, 1 маусым күні бір топ жастар Алматыдағы саябақтардың бірінде халықтың көңілін көтеріп, аз да болса Римманың еміне ақша жинауға тырысқан. Алайда жастардың бұл бастамасына қолдау көрсеткендерден қарағанда, сынағандар көп болған көрінеді.

Бұл туралы желіде “Жаным Баклажаным” есімімен танылып кеткен танымал блогер баяндап берді.

“Римма Асқаровадан кешірім сұраймын. Неге десеніз?! 1.06.17 күні біз Горький паркінің алдында домбыра, гитара, ән айту, би билеумен xалықты 5-10 теңге болса да Римманың еміне атсалысуға шақырдық. Қолымыздағы суретке үңіліп қарағандар түсінді, қасымызда тұрған Римманы да көріп олар барынша атсалысты, бірақ көпшілік назар аудара қоймады.

Мен шыны керек xалықтын назары Риммаға түссе бейжай өтпейтінің түсініп мың ойландым “не істейін?” деп. Ақыры көзін байлап, суретін қолына ұстатып, тұрғызып қою ең дұрыс ой секілді болды. Оны Риммаға “айтайын ба, айтпайын ба, қалай қабылдар екен деп қатты уайымдадым”, – дейді блогер.

Автор бұдан кейін дегенін жүзеге асырып, Римманың көзін байлаған. Алайда сол сәтте Римманың жанарынан жас тамшылаған.

“Қатты қиын болса керек емес” деп айтқаным сол еді “тұр десеніз тұрамын” деді. Қазір көпшілік оқып жатып ол қыз қандай күйде болғаның түсіне қоймас, бірақ мен үшін қасында тұрудың өзі ауыр болды. 21 жасар қыз достарының алдында елден көмек сұрап, амалсыздан қол жайды.

Көзін байлап жатқанымда менің қол-аяғым дірілдеп кетті, көзім жасқа толды, байлағанымда Римма еңіреп жылап тұрды”, – дейді блогер.

Өкінішке қарай, кей адамдар Римманың киген киімі мен ұқыптылығына қарап, мұқтаж адамға ұқсамайды деп сөккен.

“Сонда қалай? бір көзім көрмейді деп жыртық киіммен жүру керек па? Киімі қымбат болмаса да, дүкендерден алынбаса да өзін таза ұстап, ұқыпты кигенінің арқасында сұлу қызға не кисе де жарасады. Көзі ерекше болса да, әдемі болып жүргенің көре алмаушылық па? Қыдырады деп тағы сөгетіндер бар, сонда үйінен шықпау керек па? Көзім осындай деп 4 қабырғада отырып ауру болу керек па?” – дейді ашынған автор.

Блогердің айтуынша, осындай ойлы адамдардың кесірінен ерекшілігі бар жастар қоғамдық ортада өзін еркін ұстай алмайды.

“Сондай адамдардың арқасында кейбір балалар түсіністікпен қараудың орнына кемсітіп жүреді басқаларды. Өзініз ойланып көрінізші. 11 жасар қызыңыз не қарындасыңыз осындай күйге түссе, сіз оған ешқайда шықпа, үйде отыр деп айтасыз ба?

11 жасынан ол кішкентай қыздардың “сенің көзің қайда?” “сен роботсың ба?” “сенімен дос болмаймын” “жұқпай ма ауруың?” деген ауыр сөздерін естіп жүрді, қаншама рет жастықты құшақтап жылап жүрді. Бірақ сонда да күлімсіреуді тоқтатпады!

Сол Горький паркінде көзі байланып тұрғанды көріп xалық көңіл бөле бастады. Бірақ бір уақытта Римма мені шақырып “шешінізші” деп өтінді, шешкенімде отыра салып жылады. Оны шетке отырғыздық та, Римманың орнына мен тұрдым көзімді байлап, өзіне келіп алсын деп. Менің Аллаға шүкір барлық мүшем сау, көзім көреді.

Бірақ байлап, Римма үшін деп тұрғанымда басым айналып, аяқ қолым дірілдеді, тура бір құлап қалатындай, өзімнің тамағыма тас тұрып жылағым келді. Ұзақ тұра алмадым, басқа қыз тұрды. Ол қыз да қалай қиын екенін айтты. Кейін Римма қайтып өзі отырды. Біз сол жерде 233 мың теңге жасадық.

Кейін барлығымыз Оразаны ашайық деп Тағамға бардық, даяршы “5 Ифтар меню қалды, аласыздар ма? 1000 теңгеден” деді, “ия берініз” деп айтқаным сол еді, қасымызда отырған бір қыз 5000 мың теңгені даяршыға беріп, маған “Айдын мен төлейін” деді. Жүрегім зу етті, бізді танып тамағымызды әпергеніне мәз болдым. Алла разы болсын ол кісіге.

Тағамда біз барлық тиындарды қағаз ақшаға ауыстырып алдық. Кейін арбатқа кеттік, ол жерде кеш болса да жастар толып жүрді. Домбырамен ән айтып, қолдау көрсетулерін сұрап тұрғанымызда (Римма коробканың қасында тұр), бір қыздар қасына келді, таныстары екен. Қатты қысылды Римма, көзіне жас толып маған қарап басқа нәрсені ойлауға тырысты. Ол былай тұрсын, бір уақытта жігіт пен қыз өтіп бара жатты, “қайырымдылық шарасы, атсалысайық деп Римманың қасында тұрсам ана қыз “ой не верь” деді ма, тағы бірдене жігітіне жаман айтып өтіп кете берді, мен сәл болмағанда боқтап жібере жаздадым, бірақ әрең сабырға келдім, ал жігіт Риммаға қарады да, бір универде оқитының ұғып, таныды. Ақша салып қолдау көрсетті.

Біз ары қарай тұрып, жүріп ақша жинағанымызда жаңағы қатты сөйлеп өткен қыз жігітімен қайта алдымызға келіп қыз бала Риммадан кешірім сұрап, балмұздақ ұстатты. Ауыр сөз айтқаны Риммаға ауыр тигенін түсінгеніне шүкір! Осылай арбатта жүріп біз 100 мыңдай ақша жинадық.

Кешірім не үшін сұрайсыз десеніздер. Сараң адамдар үшін, жан дүниесін түсіне алмай, ауыздарын ашса улары шашырайтын жандар үшін, қаршадай қыздын тағдырын мазақ еткендері үшін, жігіттердің “ақыры көзің осындай, менімен бол” дегендері үшін кешірім сұраймын”, – дейді блогер.

Бұл орайда автор ауыр сөз айтып кеткен жандарды абай болуға шақырды.

“Ащы тілдеріңіз үшін ертеңгі ұрпағыңыздың болашағына балта шаппаңыздар деп ескерткім келеді, өмір бумеранг. Бүгін сіз осы қыздың көңіліне тиетін ауыз сөз айтқаныныз үшін ертен сіздің балаңыз не қызыңыз жауап беруі әбден мүмкін!

Римманы қолдайтын жүректері мейірімге толы жандарға мың алғыс, әсіресе қасында жүріп әр шараға атсалысып жүрген достарына рақмет! Дәл қазір сіз, біз болып Риммаға 5 млн 806 мың 754 теңге жинадық! Міне, бірлігіміздің арқасы!” – деп түйіндеді сөзін желі белсендісі.

Оқи отырыңыз:

Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

Желіде “танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген гей” деген ақпарат тарап жатыр
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін