Танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбай ақшаны қайдан алатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбай ақшаны қайдан алатынын айтты

Танымал дінтанушы Қайрат Жолдыбай ақшаны қайдан алатынын айтты

Танымал дінтанушы, елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбай отбасын қалай асырайтынын жасырмай айтып берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2021
  • 87
Фото - Caravan.kz


Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында дінтанушы мешіттен жалақы алмайтынын мәлімдеді. — Мен мешіттен айлық алмаймын. Айлықтан ресми түрде бас тартқам. Мен мешітті азамат ретін өзім оқыған білімнен берейін деп қосымша жұмыс ретінде қарастырамын. Өзімнің жеке бірнеше кәсібім бар. Бірақ ісі бизнес емес. Отбасымды баққанға, жүріп-тұрғаныма, туған-туысқандарыма көмектескенге жетеді. Жылына зекетімізді беріп тұрамыз. Ол жерде (бизнесте — автор) жігіттер жұмыс істейді. Ол жерде менің өз үлесім бар. Таңертең барып кешке келетін жұмыс емес. Анда-санда барып "былай істеген дұрыс шығар" дегендей пікірімді, идеямды айтамын. Негізінен онда бауырларым, інілерім, таныс жолдастарым жұмыс істейді. Мен идея айтамын, керек кезде қаржы беремін. Бизнесті реттеп, қаржылық тәуелсізбін дейтіндей дәрежеге жеттік. Мүмкін, менде 200-300 млн теңге болуы мүмкін, бірақ ол бизнес ретінде болуы мүмкін, бірақ бұл сыр болып қалсын, — дейді Қайрат Жолдыбай.

Соңғы жаңалықтар