Танымал психолог: «Баланың болмашы қателігін бетіне баспай, оның кішкентай жетістігімен мақтанып отыру керек» - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал психолог: «Баланың болмашы қателігін бетіне баспай, оның кішкентай жетістігімен мақтанып отыру керек»

Танымал психолог: «Баланың болмашы қателігін бетіне баспай, оның кішкентай жетістігімен мақтанып отыру керек»

Танымал психолог, коуч-мотиватор Индира Шуленбаева балалардың не себепті бір-біріне әлімжеттік көрсетіп, буллингке баратыны жайлы берді.

  • 14 Наурыз 2023
  • 83
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz тілшісіне берген сұхбатында маман, сонымен бірге қазіргі таңда балаларды гаджетсіз тәрбиелеу мүмкін емес екенін алға тартты.

Белгілі психолог алдымен қазіргі таңда не себепті психолог-коучтардың көбейіп кеткендігін түсіндірді.

«Не себепті қазір психологтар көп? Себебі қазір заманның талабы сонадай, бәрі өзгеруде. Ешқашан адамның өз дамуына осыншалықты көңіл бөлінбеген. Бұрын адамдар біркелкі жағдайда өмір сүрсе, қазір адамның өмір сүру дағдысы тікелей өзіне байланысты. Сондықтан адам ізденген сайын, өзін, айналадағы адамдарға өмірге деген көзқарасын тапқысы келеді. Ал егер өз қолынан келмесе, осылай мамандарға жүгінеді. Бірақ олардың бәріне бірдей бара бермей, тек кәсіби мамандарға барған жөн», — дейді психолог.

Психолог сонымен бірге соңғы кездері көп орын алып жатқан қыз балалар арасындағы шаштан сүйреп, төбелесу туралы да өз ойын айтты.

«Балалар қашан қатыгездікке жол береді? Ол үйінде сол нәрсені көргенде сондайға барады. Сол себепті балаларға өзіміз үлгі болуымыз керек. Мұндай жағдайлар, әсіресе, соңғы кездері қыз балалардың арасында жиі болып жүр. Себебі психологиялық тұрғыда қыздар ұл балаларға қарағанда күштірек болады және олар осы күштілігін көрсету үшін, оны өзгеге күш көрсету арқылы басқалардың алдындағы өз орнын тапқысы келеді. Мұның барлығы түптеп келгенде ата-ананың тәрбие берудегі қателігі. Қазіргі таңда мұндай жайттардың жиі болып жатқан себебі осыдан», — деді психолог.

Индира Шуленбаева балалар арасында жиі кездесетін буллинг мәселесі туралы да ашып айтты.


«Буллингке өз дегенімен жүретін, біреудің айтқанына көне қоймайтын, өз айтары бар балалар жол бере қоймайды. Сосын ата-аналардың көп жіберетін қателігі балалардың жетістігін мақтамай, олардың кемшіліктерін керісінше бетіне басып отырады. Біз керісінше олардың болмашы ғана жетістіктерін қолпаштап, мақтап отырсақ, мұндай балалар қатарластарынан ілгері жүреді және олардың буллингке уақыты болмайды. Ал буллингке қандай балалар барады? Мұндайға біреуді күштеп мойындатқысы келетін, өзін осы арқылы жоғары мінберден көрсеткісі келетін бала, өкінішке орай осындайға жол беріп жатады», — деді ол.