Танымал қазақстандықтар әуе апаты жайлы жазбалар қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал қазақстандықтар әуе апаты жайлы жазбалар қалдырды

Танымал қазақстандықтар әуе апаты жайлы жазбалар қалдырды

Алматы облысында орын алған әуе апатынан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде көңіл айтып, бірер сағат ішінде қайғылы оқиғаға байланысты мыңдаған жазба қалдырған екен.

  • 4 Қазан 2017
  • 1455
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, Facebook, Instagram cекілді желілерді белсенді пайдаланатын танымал қазақстандықтар мен блогерлер апат жайлы әр минут сайын келіп отырған жаңалықтармен лезде бөлісіп отырды, — деп хабарлайды Сaravan.kz

Блогер Денис Кривошеев алғашқылардың бірі болып апат болған жерден жаңа ақпаратпен Facebook парақшасында бөлісіп отырды.

 

                                                Денис Кривошеевтің Facebook парақшасы 

 Келесі бір танымал блогер Ержан Рашев отандық ең танымал Instagram парақшаларының бірегейінің иесі. Апат болған уақыт кезінде ол өзіне тән философиялық көзқараспен қайғылы оқиғаға көңілін білдірді.

 

                                                    Ержан Рашевтің Instagram парақшасы 

Оның айтуы бойынша, әуе апатында қайтыс болу ықтималдығы жол апатына қарағанда әлдеқайда төмен.

"Алайда көлік соғылған кезде, ана дүниеге аттанып бара жатқаны туралы ойлар адамның басына кіріп үлгермейді. Ал аспанда, жанып жатқан ұшақ ішінде сіз 15 секунд ішінде өлім туралы ғана емес, осы өмірде не істеп үлгермегеніңізге дейін ойлауға уақытыңыз болады. Сондықтан да, біреуге айтарыңыз бар болса — бүгін айтыңыз, кешіремін деген адамыңызды — бүгін барып кешіріңіз. Кім білер, ертең не болатынын ", — деп риторикалық сұрақпен ойын түйіндейді Рашев. 

"Қазақстан" телерадиокомпаниясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында көңіл айтты.


АО «Казконтент» төрағасының орынбасары Марат Игали да өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырып үлгерді.

 
Марат Игалидің Facebook парақшасы

Танымал тележүргізуші ,блогер Адель Смит ешкім күтпеген жерде адамдардың өмірін қиған апат жайлы өзінің аянышты жазбасын Facebook парақшасында жариялады.

Адель Смиттің Fаcebook парақшасы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

"Алматыдан санитарлық авиация бригадасы сағат 18.39-да ұшып шыққан. Бортта Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы болған", — делінген хабарламада. Бортта науқастың болмағаны айтылады. Ұшу Республикалық санитарлық авиация орталығы мен East Wing әуекомпаниясының келісімшарты бойынша АН-28 ұшағымен жүзеге асырылған. Бортпен байланыс үзілген. Ұшақ Алматы түбінде табылған. Бес адамның мәйіті табылған.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан медициналық жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтады және моральдық әрі материалдық көмек көрсетеді", — деді баспасөз қызметіндегілер. Қаза тапқан қалған үшеуі, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің хабары бойынша, экипаждың мүшелері болған. Олар — Қырғызстан азаматы, әуе кемесінің командирі Г.Н.Цой, екінші пилот, Қазақстан азаматы Е.Кутафин.

Соңғы жаңалықтар