Жарияланды: 480

Танымал жұлдыздардың өзінен аумайтын қыздары мен аналары

Танымал жұлдыздардың өзінен аумайтын қыздары мен аналары

«Ат биеден, алып анадан туады» – дейді дана халқымыз. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ана жайлы күндеп те, түндеп те айта беруге болады. Ал “Анаға қарап қыз өсер” мақалы бүгінгі біздің әңгімемізге дөп келіп тұр. Иә, бүгін Жұлдыздар әлемі жұлдызды анасынан аумайтын жұлдыз қыздар жайлы әңгіме етпек деп жазады Жұлдыздар әлемі.

Белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджановамен анасы Нұржамал Үсенбаева. Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, анасы – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева. Өнерлі отбасыда дүниеге келген Қарлығаш та осы салада жүргеніне біршама уақыт болған.

 

Қазақстан және Ресей еліне танымал актриса, әрі әнші Линда Нигматулина анасы Венера Нигматулинамен. Талғат Нигматулин есімді танымал актер мен Венера есімді актрисаның отбасында дүниеге келген Линда да өнерден алшақтамай, ата-анасының ізімен келеді. Бүгінде актриса тек елімізге емес, Ресей еліне де танымал. 

 

“Анасына қарап, қызын ал” – деген ата-бабамыз. Қазақтың дәстүрлі әнін домбырмен дәріптеген Жанар Айжанованың қызы да, өнерден алыс емес. Өзінен аумаған Айжұлдызфлейтада ойнап, сурет салғанды жақсы көреді. Соңғы кездері актрисалық жағынан да танылып жүр.

 

Атышулы Баян Мақсатқызының атышулы қызы – Айсәуле. Бұлай деп атауымызға Айсәуленің соңғы жазбалары себепші. Жас тележүргізуші өзінің жеке парақшасында ара-қатынасқа байланысты пікірлерін білдіріп жатады.

 

Келесі кезекте, Баянның әріптесі, әрі жақын құрбысы Динара Сәтжан мен қызы Диана. Анасынан аумаған кішкентай Диана анасының желідегі парақшасының жұлдызы. Қазір анасының топтамасымен шоу-рум кілемдерімен модель ретінде бой көрсетіп жүр.

Экс-кешьюлік Сара Амангелді мен анасы, белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова. 

 

“Қуыршағым” әнімен бала күнінен танылған Фарида Жолдасова анасы, Ұлықпан Жолдасовтың жары әрі директоры Айған Жолдасовамен.

 Өзінен аумаған төрт қыздың анасы, көп балалы ана, белгілі әнші Алтынай Жорабаевақыздарымен.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть